Жаңа Конституция жобасының басты артықшылығы – оның шынайы халықтық сипатында. Ата заңды жан-жақты саралаған комиссияның құрамына еліміздің түкпір-түкпірінен әр саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар кірді. Отырыстар ашық түрде өткізілді, мыңдаған ұсыныс қаралды. “Бұл қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа Конституцияның халық үшін жұмыс істейтін құжат болатынын дәлелдейді”, – дейді Тайынша аудандық мәслихатының төрағасы Сәрсенбай Бекшенов.
СӘРСЕНБАЙ БЕКШЕНОВ, Тайынша аудандық мәслихатының төрағасы:
— Жаңа Конституцияның қабылдану- қабылданбауын халық шешетініне ризамын. Маңызды құжат елдегі ішкі жағдайға ғана емес, сыртқы саяси бағдарға да оң әсерін тигізеді. Бір сөзбен айтқанда, бірлігіміз бен бейбітшілікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
