Sailau banner

СҚО әкімдігі

Референдумды қолдауға арналған шаңғы жарысы

Петропавлда алдағы Референдумды қолдауға арналған шаңғы жарысы өтті. Дәстүрге сай спорттық шара Борки кентінде орналасқан базада ұйымдастырылды. Мұнда 300-ден астам адам жиылды. Олар: әртүрлі саланың тұтқасын ұстаған солтүстікқазақстандықтар. Сайыс бірнеше қашықтықтан тұрды. Алдымен әуесқойлар мүмкіндіктерін сынады, кейін мықтылар 3 және 5 шақырымға жүгіріп, шуақты көктемдегі жарыстың көркін келтірді. Ал соңында ардагерлер 2,1 шақырымды бағындырды. Бұл – жерлестерімізді жақындастыра түскен достық мерекесі. Қатысушылар наурыздың 15-ші жұлдызында дауыс беруге ниетті.

ВЛАДИМИР ЩЕРБАКОВ, қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ директоры:

— Бүгін жарысқа түрлі сала өкілдері қатысып жатыр. Олар: күштік құрылым қызметкерлері, медицина, білім беру саласының мамандары және өзгелер бар. Негізгі мақсат – тұрғындарды белсенді өмір салтына баулып, шаңғы спортына деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар, халықты алдағы саяси науқанға шақыру болып табылады.