Sailau banner

СҚО әкімдігі

Нұрайым Шарбекова: «Елдің барлық тұрғыны табиғатты аялауы керек»

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті. Жаңа Конституция жобасындағы 34-бапта дәл осылай жазылған. Қуантарлығы, кейінгі толқын арасында қоршаған ортаға бейжай қарамайтын жастар жетерлік. Нұрайым Шарбекова – №2 Новоишим орта мектебінің “Еркелер клубы” қозғалысының ұйымдастырушысы және “Ұрпақ” парламентінің президенті. Бұрымды бастаған ұл-қыздар ілкімді істердің басын қайырып жүр. Оқушылар көшелерді, саябақтар мен саяжолдарды тазарту жұмыстарымен белсенді айналысады.

НҰРАЙЫМ ШАРБЕКОВА, №2 Новоишим орта мектебі “Ұрпақ” парламентінің президенті, Ғ.Мүсірепов ауданы:

— Қазіргі таңда экологиялық мәселе – Конституциялық жауапкершілігі бар маңызды тақырып. “Таза Қазақстан” бағдарламасы акция ғана емес, әр адамның өмірге деген ұстанымы мен көзқарасы дегім келеді.