Sailau banner

Қоғам

Қиыр Шығыстан тікелей жеткізілген балғын балық өнімдері

Қала тұрғындары мен қонақтарына салқын ысталған балық өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады. Сүтішев көшесі, 55 мекенжайы бойынша орналасқан нысанда сонау Қиыр Шығыстан тікелей жеткізілген тауарлар сатылуда. Сауда сөресіне кита, форель, нерка, горбуша сияқты балық қойылған. Сондай-ақ, балықтан жасалған тәбетті ашатын түрлі филе мен рулеттер бар. Өнімдер өңірге Камчаткадан ұшақпен жеткізіледі. Арада делдалдар жоқ, сондықтан бағасы нарықтағыдан әлдеқайда төмен. Сауда апта соңына дейін жалғасады. Сұраныс жоғары болса, тағы бір аптаға ұзартылуы мүмкін. Сатып алушылар үшін есік сағат таңғы 10 мен кешкі 7-нің аралығында ашық. Айта кету керек, ұйымдастырушылар халықаралық әйелдер күніне орай түрлі жеңілдіктерді ұсынып отыр.