Sailau banner

СҚО әкімдігі

Күләнда Мұқышева: “Жаңа Конституцияда әйелдердің құқығына ерекше мән берілген”

Тайынша ауданындағы Большой Изюм ауылының тұрғыны Күләнда Мұқышеваның 5 баласы бар. Жолдасымен отау құрғанына 40 жылға жуықтапты. Бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған көпбалалы ана отбасылық жанжал кезінде әйелдердің жиі зардап шегетініне қатты қынжылады. Нәзікжанды жаңа Конституцияның ықпалымен бұл олқылықтың орны толып, мұндай келеңсіз оқиғалардың саны азаяды деп есептейді. Себебі, қабылданатын Ата заңда неке мен отбасы ең жоғары құндылықтар ретінде бекітілді. Жанұя ұғымы ер мен әйелдің ерікті түрде қосылған, тең құқықты одағы ретінде айқылдалды.

КҮЛӘНДА МҰҚЫШЕВА, көпбалалы ана, Тайынша ауданы:

—  Жаңа Конституция жобасында әйелдердің құқығына баса назар аударылған. Қабылданатын Ата заң елдің дамуына тың береді. Жас ұрпақтың өсуіне бар жағдай жасайды.