Микро және шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер салық берешегін 31-ші наурызға дейін толық төлеуі тиіс. Сонда өсімпұлдар мен айыппұл жойылады. Мемлекет іскер жандарға осындай жеңілдік ұсынып отыр. Қазіргі таңда Петропавл қаласы бойынша 1300-ден астам тұлғаның өсімпұлы есептен шығаруға жатады. Жинақталған сома 260 млн теңгеге жуықтайды. Ал егер азамат міндетті орындауға құлық танытпаса, онда өсімпұлдар заңды түрде төленуге тиіс қарыз ретінде қалады. Шоттарға шектеу қойылуы мүмкін, тендерлер мен мемлекеттік сатып алуға қатысу қиындайды. Түбінде бұл әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
АҒЫБАЙ БАЙБОЛОВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:
— Қазірдің өзінде 150-ге жуық салық төлеуші берешегін төлеп, өсімпұлдан босау мүмкіндігіне ие болды. Тиісті науқан наурыз айының соңына дейін жалғасады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келе алады. Сонымен қатар байланыс нөмірлері бар: 46-30-74 және 33-12-05.
