Салауатты ұрпақ қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың бір бағыты. Бұл тұрғыда Ақжар ауданындағы азаматтар да ерінбей еңбек етуде. Бүгінде мұнда бұқаралық спортқа баса мән берілген. Балалар жазда да, қыста да дене шынықтырады. Қазір хоккейшілер шеберлік шыңдайтын кез. Ақжар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шайбалы хоккейден жаттықтырушысы Илья Кузьмин кейінгі толқынға бар білгенін үйретіп жүр. Белсенді азамат жаңа Конституция жастарға жол ашарына сенімді.
ИЛЬЯ КУЗЬМИН, Ақжар аудандық БЖСМ спорт мектебінің шайбалы хоккейден жаттықтырушысы:
— 15-ші наурызда өтетін референдумға міндетті түрде қатысамын. Ата заңда 85 пайызға дейін өзгерістер болайын деп жатыр. Сол себепті, баршасы референдумда дауыс беріп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосқаны абзал.
