Қазақтың ұлт көсеміне – 160 жыл. Петропавлда мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның мерейтойына байланысты жиын өтті. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың сөзінше, тарихи тұлға өңіріміздің зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыста болған. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:
— Мағжан мен Әлихан Бөкейханның байланысы оның “Бостандық туы” газетінде редактор болған кезеңінде басталған. Ташкентке әрі Мәскеуге барған сапарында байланыс беки түскен.
Бүгінгі іс-шараға Аружан Қазбекова келіп отыр. Дайындаған баяндамасы бар. 10-сынып оқушысы ұлт көсемінің аты берілген Берекедегі №25 мектепте білім алады.
АРУЖАН ҚАЗБЕКОВА, оқушы:
— Әлихан Бөкейхан қазақ коғамында көптеген іс тындырды. Ол халықтың қамын ойлап, жер мәселелерін шешуге өз үлесін қосқан.
Жиын барысында “Алаш” партиясы жайлы айтылды. Онлайн байланыс арқылы Абай облыстық архивінің қызметкерлері Алашорда жайлы тың деректермен бөлісті.
Ұлан Ыдырыс
