Облыстық кітапханада «Қазавтожол» кәсіпорны мен “КАЖсервис” серіктестігі филиалының ұжымымен ауқымды кездесу өтті. Оған «Қазавтожол» компаниясының орталық аппаратынан келген делегация өкілдері қатысты. Жиын барысында халықтың дауыс беруімен қабылданатын жаңа Конституция талқыланды. Әсіресе, еңбек адамдарының, жол саласы қызметкерлерінің ел экономикасын дамытудағы маңызды рөлі аталып өтілді.
ЕРЛАН ЖҰМАҒҰЛОВ, «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:
— “Бүгінгі іс-шараға жергілікті жол саласы қызметкерлері жиналды. Оларға жаңа Ата заң жобасы нақтырақ таныстырылды. Күтілетін Конституцияда экономикалық дамуға айрықша назар аударылған. Ал аудандағы, аймақтағы, тұтас елдегі экономиканың, сондай-ақ логистика мен бизнесті дамытуда жол саласы өкілдері маңызды рөл атқарады. Сол себепті әр сала бойынша түсіндірме жұмысын жүргіздік.
