Sailau banner

Спорт

Солтүстікқазақстандық Кристина Шумекова – әлемнің абсолютті чемпионы

Германияда конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Бұл дүбірлі дода ел және өңір тарихында алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Теріскейлік спортшы Кристина Шумекова жекелей сында 3 бірдей қашықтық бойынша сынға түсіп, барлығында топ жарды. Ол 100, 500, 1500 метрде мәре сызығын бірінші кесті. Сонымен қатар, командалық сайыста бір алтын және бір күміс жүлде еншіледі. Үздіктердің үздігі атанған Шал ақын ауданының тумасын Мемлекет басшысы құттықтады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Кристина Шумекованы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – еліміз үшін тарихи оқиға. Атлет мұндай табысқа талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің арқасында жетті. Кристинаның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспін.