Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Радуга» серіктестігінің ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Кездесу азаматтарды ақпараттандыруға бағытталған ашық диалог форматында өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Сіздер білесіздер, 2022 жылы Конституцияға бірқатар түзетулер енгізіліп, кейбір баптарға өзгерістер жасалды. Бүгінде баршамыз осы заңдар, яғни Негізгі заң аясында өмір сүріп келеміз. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, 8 қыркүйекте қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізу бастамасын көтерді. Ал енді 15-і күні біз Негізгі заң бойынша өз таңдауымызды жасап, еліміздің даму бағытын айқындаймыз.
Кәсіпорын қызметкерлері, соның ішінде «Зеленый Север» жылыжай кешенінің бригадирі Диана Жантасова жаңа Негізгі заң жобасын талқылап, оның өңір мен елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
ДИАНА ЖАНТАСОВА, «Зеленый Север» жылыжай кешенінің бригадирі:
— Мен жаңа Конституция жобасымен таныстым. Оның артықшылықтарын көріп отырмын – бұл тек халық үшін ғана емес, мемлекет үшін де үлкен оң өзгеріс болады деп санаймын. Уақыт бөліп, арнайы келіп, бізді ақпараттандырғаны үшін облыс әкіміне үлкен алғысымды айтамын.
Облыс әкімі жаңа Конституция жобасы елдің қазіргі даму кезеңдерін көрсететінін, өңір мен мемлекеттiң тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, азаматтармен ашық диалог қоғамның қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және негізгі шешімдер қабылдағанда оларды ескеру мүмкіндігін береді. Еске салайық, 15-ші наурызда референдум өтеді, оның барысында әрбір азамат өз ұстанымын білдіре алады.
