Sailau banner

Қоғам

Құтқарушылар қайырымдылық шарасын өткізді

Алғыс айту күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қолдауды қажет ететін отбасыларды аралады. Жанұяларға азық-түлік себеттері мен күнделікті өмірге қажетті бірінші кезектегі дүниелер табысталды. Кездесу барысында қызметкерлер отбасылармен ашық әңгімелесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде әр отбасы көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін құтқарушыларға шынайы ризашылықтарын жеткізді.