Конституция жобасында парламент бірпалаталы болып белгіленген. Оның жаңа атауы Құрылтай болмақ. Осы орайда Тайынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Анатолий Рафальский өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, аталмыш модель әлемдегі 100-ден астам мемлекетте бар. Бұл – заң қабылдаушы органның тезірек шешім қабылдауына ықпал етеді.
АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ, Тайынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
— Ел байлығы халыққа тиесілі. Бұл – Конституция жобасында тайға таңба басқандай жазылған. Сонымен қатар, енді парламент бірпалаталы болады. Оған 145 депутат кіреді. Нәтижесінде жаңа заңдар тезірек қабылданып, түйткілді мәселелер уақытылы шешілетін болады. Парламенттің Құрылтай болып қайта аталуы да дұрыс деп ойлаймын. Бұл ұғым барлық Түркі жұртшылығына ортақ. Дәл осы Құрылтайда қазақ халқы үшін маңызды тарихи шешімдер қабылданған. Алдағы уақытта да көне атауына оралған заңқабылдаушы орган еліміздің дамуы үшін елеулі үлес қосады деген үміттемін.
