Sailau banner

СҚО әкімдігі

Ақжарлықтар жаңа Конституцияны қолдайды

Референдумға тура 13 күн қалды. Майшаммен қарау арқылы жазылған Конституция жобасы қоғам өмірінің түрлі салаларын қамтып отыр. Құжатта заманауи талаптарға сай интернеттің дамуы, жасанды интеллект пен техникалық прогресс мәселелеріне ерекше назар аударылған.

АСХАТ СӘРСЕНБАЕВ, Ақжар аудандық “Мансап” орталығының директоры:

— Қазір нағыз интернеттің дамыған заманы. Бұрынғы Ата заңда бұл туралы айтылмаған еді. Ал қазіргі Конституцияда жасанды интеллект және техниканың дамуына басты назар аударылып отыр.

Жеке кәсіпкер Айнара Мақышева да саяси шараны күтіп отыр. Ол Ата заң жобасындағы 27-ші бапты ой дәптеріне түртіп алған. Мұнда жұмыс ұсынушылардың қарамағындағы мамандарға тиісті жағдай жасау қажеттігі тайға таңба басқандай жазылған. Азаматша күтілетін өзгерістерді жоғары бағалады.

АЙНАРА МАҚЫШЕВА, кәсіпкер, Ақжар ауданы:

— 15-ші наурыз күні референдумда міндетті түрде өз дауысымды беремін. Жаңа заңда адамның еңбегін бағалау жайлы жақсы айтылған. Қоластымдағы қызметкерлердің арқасында менің кәсібім өрбіп отыр. Сол себепті, оларға уақытылы жалақысын беріп, жұмыс уақыты аяқталған соң үйлеріне жіберуім қажет.

Қазір Ақжар ауданында референдумға қызу дайындық жүріп жатыр. Жоспар бойынша аудан аумағында 15-ші наурыз күні 26 учаске жұмыс істейді.

 

Мәдина Қаби