«Жаңа Конституция жастарға не береді?» деген сауал кездесу барысында ең көп қойылған және де талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Әрбір сұраққа үн қатқан Арман Қырықбаев 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы тек заманауи сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймайтынын, елдің ұзақ мерзімді дамуының берік негізін қалайтынын атап өтті. Жаңа Ата Заңда адам құқықтарының кепілдіктеріне, кәсіпкерлікті қолдауға, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және ғылым мен инновацияны дамытуға айрықша мән берілген.
Президент көмекшісінің айтуынша, жаңа Конституция бәсекеге қабілетті, білімді әрі технологиялық тұрғыдан сауатты ұрпақ өсіру үшін құқықтық негізді қалыптастырады. Ол жас ғалымдар мен стартап-жобаларға қолдау көрсетуді күшейту мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін жеткізді.
Сонымен қатар, кездесу барысында жаңа Конституция жобасында көрініс тапқан Президенттің «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» бастамаларына айрықша көңіл бөлінді.
Источник: https://egemen.kz/article/407982-arman-qyryqbaev-prezidenttinh-bastamalary-khalyqtynh-dgureginde-kopten-beri-dgur
