Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Полиция департаменті басшылығының қатысуымен рейд шарасы өтті

Жыл басынан облыс жолдарында 50-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. салдарынан 10 адам қаза тауып, 70 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Жағымсыз статистика одан сайын өршіп кетпесі үшін полиция департаментінің басшылығы қауіпті учаскелерде рейд өткізді. Профилактикалық шарада транзиттік жүк көліктері ерекше назарға алынды.

Здравия желаю! Полиция Казахстана. Начальник управления административной полиции ДП СКО, подполковник Жамалиев. Куда направляетесь? – Ташкент. – Едете – далеко, поэтому будьте здоровы, будьте осторожны. Сейчас снижение температуры. Основное время для аварий – вечером, или под утро. Поэтому будьте аккуратны! Вас дома ждут семьи! Берегите себя, граждан, всех автомобилистов.

Шенділер жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, рөлде смартфон қолданбау және уақытылы тынығу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, солтүстіктің құбылмалы ауа райын назарға алу қажеттігін де айтты. Транзиттік жүк көліктерін тізгіндеу оңай емес. Қателік жіберсең, соңы қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін. Жалғыз өзіне ғана емес, өзгеге де кесірің тиеді.

АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

— Статистика көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының көбі таңғы және кешкі уақытта болады. Жүргізушілерден ережені қатаң сақтауды сұраймыз. Себебі, жол қателіктік кешірмейді.

Полицейлер түсіндіру жұмыстарымен қатар, жол бойына қауіпсіздік белгілерін де көптеп орнатуда. Бұл жүргізушілердің жылдамдықты тежеуіне септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары ереже бұзу фактілерін азайту мақсатында ұшқышсыз ұшу аппаратарын да қолданып жүр.

Нұрасыл Ахмет