Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтарҚұқық қорғау органдары

Өңір тұрғынын 18 млн теңге қарызға батырған қостанайлық алаяқ ұсталды

Полицейлер алаяққа алданған әйелдің ақшасын қайтарып берді. М.Жұмабаев ауданының 45 жастағы тұрғыны Instagram-нан “тегін акциялар” арқылы ақша табуға болатынын көріп, байланыс нөмірін қалдырған. Оған кейін Telegram арқылы біреу хабарласып, арнайы қосымшаны жүктеуге көндірген. Әйел бастапқыда 25 мың теңге салған. Көп ұзамай оған алғашқы табыс ретінде 11 мың теңге қайтарылған. Болашақта бұдан да көп ақша табамын деген жан банктерден, жақындарынан және таныстарынан қарызға ақша алып, алаяқтарға 18 млн 600 мың теңге аударған. Алданғанын түсінген әйел полицейлерге жүгінеді. Жедел шаралар барысында Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталады. Ол ақшаны криптовалютаға айырбастап, басқа адамдарға жіберіп отырған. Алаяқтың келтірген шығынын анасы түгел өзі өтеп берген.