Мағжан Жүсіпбеков – Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы әрі аудан бойынша референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі штабтың мүшесі. Қазіргі таңда бұл топ құрамында 20-ға жуық адам бар. Олар: қоғам белсенділері, депутаттар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жұмысшы мамандар. Жерлестеріміз ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Жүздесу барысында Конституциялық жобаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мән-мағынасы жан-жақты түсіндірілуде.
МАҒЖАН ЖҮСІПБЕКОВ, Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы:
— Референдумды қолдаймын. Заман ағынына қарай өзгеру қажет. Заңның кейбірі қазіргі күнге келмейді. Сондықтан өзгергені жөн деп ойлаймын.
