Sailau banner

СҚО әкімдігі

Ержан Көкен: “Мемлекет діннің ісіне араласпайды”

Жаңа Конституция жобасының 7-бабының 1-ші тармағында “Дін мемлекеттен бөлек” деп көрсетілген. Яғни, мемлекет пен дін бір-бірінің ісіне араласпайды. Ал 2-ші тармақта діни ұйымдар Қазақстан аумағында заңға сай жұмыс істеу керек екені айтылған. Егер олардың қызметі елдің қауіпсіздігіне, Конституциялық құрылымға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына зиян келтірісе шектеу қойылуы мүмкін.

ЕРЖАН КӨКЕН, “Нұрлы ел” Ақжар аудандық газетінің қызметкері:

— Заңда біздің еліміз өзін толығымен зайырлы мемлекет ретінде белгілейді. Мемлекет діннің ісіне араласпайды және діни ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқаруға ешқандай ықпалын тигізбейді.