Жалпыхалықтық референдумға қатысу – артылған сенімді ақтау! Жұмағали Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледждің студенттері дауыс беруге асық. Олардың арасында алғаш рет таңдау жасайтындар бар. Жастар азаматтық міндетті орындау зор жауапкершілік, еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесім деп түсінеді.
ЖАНДОС МҰНАЙДАРОВ, Ж.Тілеулин атындағы СҚ жоғары медициналық колледжінің студенті:
— Конституцияда біздің, яғни медицина қызметкерлерінің құқықтары қорғалғаны мәлім. Мен осы саланың дамығанын қалаймын. Жаңа Конституциядағы өзгерістер жайлы бізге кеңінен айтылды, жиналыстар өткізілді. Мен 15-наурызда өзімнің дауысымды беруге дайынмын.
