Ұсынылған Ата заңның жобасындағы 3-бапқа назар аударсақ, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары жіпке тізілген. Оның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыру бар. Ауылдағы халық қолдау күтеді. Тиісті көңіл бөлінсе, топырағында талай тұлға аунаған елді мекендер жабылмайды.
НАТАЛЬЯ СИНДЯКИНА, Мәдениет үйінің директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:
— Ауылдық округтерге барған сайын тұрғындардың қаржылық тұрақсыз жағдайын көріп тұрамын. Халықты азық-түлікпен қамтып отырған жандар лайықты өмір сүргісі келеді. Жаңа Конституцияда қарапайым адамдардың мұң-мұқтажы ескерілетініне үміттімін.
Ауылдардың барлығы жарқырап тұрмағаны мәлім. Балалардың үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысуына мүмкіндік аз, жол мен суға қатысты да мәселелер бар. Осы түткілдер жаңа Қазақстанда шешілуі керек.
НАТАЛЬЯ СИНДЯКИНА, Мәдениет үйінің директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:
— Ауылда әлеуметтік игіліктер аз, соның салдарынан көпшілік тұрақтап қалар емес. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен келген жас мамандар да балаларын өнер мектептері мен спорт үйірмелеріне жібергісі келеді, алайда барлық жерде мүмкіндік бірдей емес.
Ауыл тұрғындары жаңа Конституция олардың құқықтарын қорғап, оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді деген сенімде.
