Бұл – Сапархан Данияров. Ол Тайынша ауданына қарасты Теңдік ауылындағы «Аманат» шаруа қожалығын басқарады. Қой өсіруді 7 жыл бұрын бастаған азамат қожалығына заманауи технологиялар енгізген. Бүгінде заман игіліктерінің пайдасын көріп отырған жерлесіміз Ата заңның жобасында цифрландыруға ерекше мән берілгеніне разы.
САПАРХАН ДАНИЯРОВ, «Аманат» ШҚ басшысы, Тайынша ауданы:
— Конституцияға енгізілетін өзгерістер еліміздегі азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғайды. Ақылды фермерлікті дамытуға үлкен жолдар ашып отыр.
Кәсіпкер еңбек адамдарының құқығы туралы да пікір білдірді. Оның пайымдауынша, Ата заңның жобасында жұмысшы мамандардың мәртебесі мен әлеуметтік кепілдіктері күшейтілген.
САПАРХАН ДАНИЯРОВ, «Аманат» ШҚ басшысы:
— Біздің қожалықта еңбек адамдарының құқығы қорғалады әрі қорғалуы тиіс.
Қазіргі таңда, «Аманат» шаруа қожалығында 18 адам еңбек етеді. Оларға тұрақты жалақы беру, жағдай жасау – кәсіпкердің басты міндеті.
