Sailau banner

Білім

Райса Қаппасова: “Ата заң жобасын қолдаймыз”

Елімізде алғаш рет білім, ғылым және инновациялар мемлекеттің жоғарғы құндылықтары ретінде жаңа Конституция жобасында көрініс тапты. Яғни, негізгі басымдық болып табылады. Ата заңдағы тағы бір жаңашылдық – мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей бастауыш және орта білім алуына кепiлдiк. Бұл міндетті талап болып табылады. Бұған қатысты Тайынша ауданындағы Келлеровка орта мектебінің директоры Райса Қаппасова өз пікірін білдірді.

РАЙСА ҚАППАСОВА, Келлеровка орта мектебінің директоры, Тайынша ауданы:

— Бұл Конституцияға енген заң. Біз оны әрқашанда қолдаймыз. Өйткені, Қазақстанда тұрып жатқан әрбір бала, азамат тегін білім алуға құқылы деп ойлаймын.