Sailau banner

Спорт

“Қызылжар” ФК маусымды Петропавлда бастайды

“Қызылжар” футбол клубы маусымды әдеттегідей сырт алаңда емес, Петропавлда бастайды. Бұл ақпарды клубтың баспасөз қызметі растады. Аяқдоп шеберлері Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, жақында Қазақстанға оралды. Аз-кем демалыстан соң облыс орталығында әзірлікке кіріспек. Ұсынылған дерекке сүйенсек, “Қарасай” стадионындағы жасыл алаң арнайы жүйе арқылы жылытылады. Бұл суық ауа райында ойын өткізуге мүмкіндік бермек. Алғашқы қарсылас – ақтаулық “Каспий”. Шымылдықашар турдағы матч наурыздың 8-ші жұлдызына белгіленген. Араға апта салып солтүстікқазақстандық жігіттер Жезқазғанға қонаққа барады. Жезді қалада қызылжарлықтар жергілікті “Ұлытау” командасымен 3 ұпайды сарапқа салады.