Петропавлдағы көпсалалы облыстық ауруханада көз қысты, бармақ басты әрекеттерді болдырмау мақсатында арнайы іс-шара өтті. Кездесуге аудандық және қалалық емхана директорлары мен комплаенс-офицерлері келді. Жиын барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Әмрин аймақтағы медициналық мекемелерде жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардан хабардар етті.
СӘКЕН ӘМРИН, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
— Өткен жылы ішкі тексерістерге сәйкес медицина саласында парақорлықтың 33 тәуекелі анықталды. Олардың алдын алу үшін өңірдегі 29 медициналық мекемеде комплаенс лауазымы енгізілді. Ал 13 емдеу нысанында бұл міндетті заңгерлер атқаратын болады. Олар облыстағы емханалар мен ауруханаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 110-нан астам іс-шара өткізіп, қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
