Sailau banner

СҚО әкімдігі

Бақытжан Ертайқызы: “Жаңа Конституцияның арқасында бірлігіміз одан әрі нығая түседі деп ойлаймын

Жаңа Конституция жобасында елдегі ішкі тұрақтылыққа баса назар аударылған. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Барлығымыз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. “Сол ынтымақты сақтай отырып, жас ұрпаққа патриоттықты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін үйретуіміз қажет. Өйткені, тәрбие тал бесіктен басталады”, – дейді “Қазақ аналары – дәстүрге жол” ұйымы Шал ақын аудандық филиалының төрағасы Бақытжан Ертайқызы.

БАҚЫТЖАН ЕРТАЙҚЫЗЫ, “Қазақ аналары – дәстүрге жол” РҚБ Шал ақын аудандық филиалының төрағасы:

— Сергеевка қаласында бірнеше ұлт өкілі тұрады. Бір-бірімізбен татумыз. Жаңа Конституцияның нәтижесінде бірлігіміз одан әрі нығая түседі деп ойлаймын.

Бақытжан Ертайқызы – онтүстіктің тумасы. Шал ақын ауданына 3 жыл бұрын көшіп келген. Өзімен бірге балалары мен немерелерін ерте келіпті. Нәзікжанды теріскейге қоныс аударғанына еш өкінбейді. Отбасыға әкімдік тарапынан үй берілген, екі қолға бір күрек те табылыпты.

БАҚЫТЖАН ЕРТАЙҚЫЗЫ, “Қазақ аналары – дәстүрге жол” РҚБ Шал ақын аудандық филиалының төрағасы:

— Берген баспалары жылы. Жергілікті тұрғындар бізді жақсы қарсы алды. Туған жеріміздей болмаса да тез үйреніп кеттік.

Зейнеткер аудан тұрғындарын 15-ші наурыз күні өтетін науқанға біркісідей қатысуға шақырды.