Әйгерім Бақтиярова – жас селолық округ әкімі. Нәзікжандының Тайынша ауданындағы Рощинское ауылдық округінің жетекшілігіне келгеніне бір жылдан асқан. Халық сайлаған мемлекеттік қызметшінің сөзінше, жаңа Конституцияға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға дербес шешім қабылдау мүмкіндігі беріледі.
ӘЙГЕРІМ БАҚТИЯРОВА, Рощинское ауылдық округінің әкімі, Тайынша ауданы:
— Мен жас әкім ретінде Ата заң жобасын қолдаймын. Жаңа Конституцияға көз жүгіртіп шықтым. Құжат қабылданса, елімізде елеулі өзгерістер орын алады. Мәселен, ауылда мәслихат пайда болады, онда болатын депутаттарды тікелей елді мекен халқы сайлайды. Олар тұрғындардың ұсыныстарын тыңдайды, ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізеді, кейін шешім қабылдап әкімге жүгінеді. Ал әкім өз кезегінде оларды іске асырады. Бұл түйткілді мәселелердің тезірек шешілуіне ықпал етеді.
