1-ші наурыз – Алғыс айту күні жақындап келеді. Биыл бұл мейрам елімізде 10-шы жыл атап өтілмек. Оның түпкі мақсаты – тар жол, тайғақ кешіп, кең пейілді қазақ халқынан қолдап тапқан халықтардың ризашылық білдіруі. Солақай саясаттың сойылы қатты болды. Түрлі ұлттар туған жерлерінен күштеп қоныс аударылды. Бұны Достық үйіндегі жиынға қатысып, ойымен бөліскен жандар айтып өтті.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің жетекшісі:
— Қиын уақыт болды. Ашаршылықтан енді бас көтерген қазақ халқы өзінің туған баласындай қарсы алды, барымен бөлісті. Қазір аман қалған халықтар 4-ші ұрпақтарын өсіріп жатыр. “Қазақ халқына мың алғыс” деген халықтар Алғыс айту күні ерекше мерекеге айналсын деп ұсыныс білдірді
Келісім тапқан үйдің кесесі босамайды. Елімізді мекендеп қалған халықтар қазір ортақ шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Жастары өткенді біледі. Демеу берген қазақ халқына құрметпей қарайды, алғыс айтады.
ДЕНИЭЛ ЭДИЛОВ, қоғам белсендісі:
— Біздің елімізде өте көп ұлт өкілі тұрады. Олар бір-бірімен тату, жақын араласады. Тарихты білеміз. Қазақ халқы көп жақсылық жасады. Жомарттықтың, мейірімнің арқасында ұлттар аман қалды. Мемлекетімізде тек жақсылық болсын дегім келеді.
Кездесуде Ата заңға енгізілетін өзгерістер жайлы да айтылды. Қатысушылардың пікірінше, саяси шара ұлттарды ұйыстырған тәуелсіз Қазақстанды алға бастайды.
Жаннұр Бектурганова
