Sailau banner

Қоғам

Тарихи таңдау жасайық

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында “Жаңа Конституция – ел болашағы” атты дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиында алдағы өзгерістер талқыланды. Атап айтсақ, тілдің мәртебесі, білім мен ғылымды қолдау, жауапты азаматтық ұстаным төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынды.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, “Ассамблея жастары” СҚФ РҚБ төрағасы:

— Бүгінгі біздің іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары және белсенділері қатысты. Жастар да осы іс-шараға атсалысты. Біздің қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі – жаңа Конституцияны талқылау. Біз әртүрлі жиындар өткізіп жатырмыз. Мысалы, жастар мен студенттер арасында викторина, сауалнама өткіздік. 14-ші наурызға дейін жұмысымызды өткіземіз.

Жиында спикерлер құжатқа өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар қабылдаған Конституциялық комиссияның жұмысын да жоғары бағалап өтті. Өзіміз білетіндей, тікелей эфирлер ұйымдастырылды, талқылаулар жүргізілді, әрбір азаматқа ой білдіруге мүмкіндік берілді.