Sailau banner

СҚО әкімдігі

СҚО-да былтыр еңбек заңнамасын бұзған 70-тен астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Елордада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға облыстық бейінді департамент мамандары ZOOM арқылы қатысты. Басқосуда өткен жылғы жұмыс қорытындыланып, биылғы міндеттер талқыланды. Өңірлік өкілдік инспекторлары былтыр азаматтардан 2 мыңға жуық арыз-өтініш қабылдаған. Оның 1600-ден астамы еңбек заңнамасын бұзуға қатысты, ал 80-нен астам жайт еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы.

АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

— Өткен жылы кәсіпорындар мен түрлі ұйымдардың қызметіне 200-ден астам тексеріс жүргіздік. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзуға қатысты 500-ге жуық факті тіркелді. Оның ішінде жартысы еңбек қатынастары бойынша, қалғаны еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша анықталды.

Жұмыс берушілерге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 100-ден астам нұсқама берілген. Заңбұзушылыққа жол берген 70-тен астам лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 11 жарым млн теңгеге жуықтайды.

АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

— Облыс аумағында наразылық акциялары мен еңбек даулары тіркелген жоқ. Бірақ еңбек қатынастары саласында тәуекелі жоғары 32 кәсіпорын белгіленген. Қазіргі таңда төлеуге қабілетсіз болып танылған “Казградстрой” серіктестігінде қызметкерлерге барлығы – 3 млн 200 мың теңге көлемінде жалақы төленбеген.

Одан бөлек, өткен жылы өңірдің өндіріс саласында 36 оқыс оқиға тіркеліп, 44 адам зардап шекті.

 

Мәдина Қаби