Sailau banner

СҚО әкімдігі

Шал ақын ауданының ардагерлері жаңа Конституция жобасын қолдайды

Тұрар Оразалин Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып 15 жылға жуық еңбек етеді. Бұған дейін ширек ғасырдан астам уақыт мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген. Ел ағасы халық арасында сыйлы. Аталған аймақта қариялар мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайтуға зор үлесін қосуда. Тұрар Сейітжанұлы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Жаңа құжатпен жақсы таныс. Қазіргі таңда еңбек ұжымдарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүр.

ТҰРАР ОРАЗАЛИН, Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Жаңа Конституция оң өзгерістерге жол ашады. Әлемдік державаға айналуымызға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нақты мақсаттарды бекітіп отыр.

Шал ақын ауданында 3 мың 600-ден астам зейнеткер бар. Аға буын өкілдері шеттерінен белсенді. Ауданның қоғамдық өміріне етене жақын араласады. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Хамит Найманов өзгертілетін Ата заңның нәтижесінде құқықбұзушылықтардың саны азаяды деп ойлайды. Интернет-алаяқтық фактілері де тыйылады деп есептейді. Себебі, жаңа құжат азаматтардың жеке қаражаты мен өміріне қатысты қорғау тетіктерін күшейтеді.

ХАМИТ НАЙМАНОВ, Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

—Жаңа Конституция жобасы әр саланы кеңінен қамтыған. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер етеді деп ойлаймын.

Аға буын өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесуді тоқтатпайды. Аудан халқын 15-ші наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырады.

 

Нұрасыл Ахмет