Sailau banner

СҚО әкімдігі

Референдум-2026: ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Адам құқығы – одан әрі жетілдіруді қажет ететін маңызды сала. Бұл – референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі штаб мүшесі Болат Қожахметовтың пікірі. Қоғам белсендісі “Петропавл арақ зауыты” серіктестігінің қызметкерлерімен жүздесті. Ол жұмыскерлерге Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, денсаулық сақтау мен білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ адами құндылықтарды нығайту мәслелері талқыланды.

НҰРЛАН ӘБЕН, “Петропавл арақ зауыты” ЖШС қызметкері:

— Референдумда міндетті түрде дауыс беремін. Себебі, бұл – менің азаматтық міндетім.

Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халықтың тікелей дауыс беруі арқылы шешу тәсілі. Ол демократияның негізгі құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан әр азаматтың белсенділігі мен саяси үдерістерге бейжай қарамауы ел болашағы үшін аса маңызды.

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, СҚО бойынша референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі штабтың мүшесі:

— Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауатын арттырып, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға ықпал етеді. Қай жерге барсам да баршасына еңбектің ақталуы қажет екенін айтып отырамын. Қазақстанда тұрып жатқан соң азаматтардың барлығы референдумды қолдап, қатысуы қажет.

Еске сала кетейік, аталға штабқа 60-қа жуық адам мүшелік етеді. Мамандар кесте бойынша әр мекемеге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мәдина Қаби