59 жастағы қала тұрғынын тұзаққа түсірген қулардың схемасы – белгілі әдіс. Бірақ, бұл жолы кейіпкерлерін өзгерткен. Нәзікжандыға әуелі бұрынғы қызмет орнынан біреу хабарласып, ол туралы дерекқұжаттардың жоғалғанын айтқан. Кейін құқық қорғау органынан, сәлден соң банк менеджері болып біреу телефон соғады. Әрқайсысы хабарласқан сайын аңғал әйелді алаяқтар банктегі ақшаңызды алғалы жатыр деп қорқытып, қауіп қыспағына алған. Салдарынан петропавлдық жинаған 2 млн теңгесін қуларға аударып жіберген. Ақыры әйел адам бұның бәрі алаяқтардың амалы екенін түсінеді. Қулар 2 млн теңгені қалтасына түсірсе де оның үстіне еселеп кредит алып үлгермейді. Еске сала кетейік, облыста бір айдың ішінде 30-дан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Жапа шеккендердің арасында зейнеткерлер, мұғалімдер, медицина мамандары, мемлекеттік қызметшілер мен жұмыссыз жандар бар.
