Sailau banner

СҚО әкімдігі

Ботагөз Мейрамова: “Қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамау – басты міндетіміз”

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау. Аталған бағыттар жаңа Ата заң жобасына алғаш рет енгізіліп отыр. Волонтерлік қызмет алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілген. Шал ақын аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ботагөз Мейрамова Конституциялық комиссия мүшелері жастардың ұсыныстарын назарға алғанына ырза.

БОТАГӨЗ МЕЙРАМОВА, Шал ақын аудандық ЖРО маманы:

— Соңғы шешімді халық қабылдайды. Мен тұрғындардың жаңа Конституция жобасын қолдайтынына сенемін. Әрі қарай бәрі өзімізге байланысты. Қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамау – басты міндетіміз. Бұл өзгертілетін Ата заңда да жазылған. Қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыра алсақ, соның өзі жетістік деп санаймын. Азаматтарға бұл бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрміз.