Sailau banner

СҚО әкімдігі

Балшекер Нұрмақанова: “Білім мен технология кітапхананы жаңа деңгейге көтереді

“Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды”. Жаңа Ата заңның жобасын парақтап, 3-ші бапқа назар аударсақ, осыны көзіміз шалады. Еліміз саналы ұрпақ қалыптастыруға мықтап кірісті. Бұл тұрғыда кітапхананың орны бөлек. Түрлі еңбектер топтасқан қор – білімнің, тәрбиенің көзі. Қуантарлық жайт, қазір мемлекет аталған бағытты дамытуға, цифрлық технологияларды енгізуге күш салып отыр. Мұнда жаңашылдық сала мамандарын қуантпай қоймады.

БАЛШЕКЕР НҰРМАҚАНОВА, Ғ.Мүсірепов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы:

— Мен заңның жаңа жобасын толық қолдаймын. Себебі, кітапханалар – білім мен руханият ордасы. Қазіргі заманғы кітапхана – бұл тек кітаптар мен каталогтар ғана емес, сонымен қатар цифрлық технологиялар кеңістігі. Жасанды интеллект кітапханалардың жұмысын тиімдірек ұйымдастыруға және оқырманға жақындай түсуіне көмектесетін маңызды құралға айналды. Соның нәтижесінде кітапхана оқырманға жақындай түсіп, білімге апарар жолды бұрынғыдан да қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.