Боран болған демалыс күндері құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Олар бірнеше ауданда құтқару операциясын жүргізді. Есіл ауданындағы Корнеевка ауылының маңында 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. 4 адам эвакуацияланды. Ал Қызылжар ауданында минивэн жолдан шығып кеткен. Мұнда 5 адам жылыту пунктіне жеткізілді. Өкініше қарай, дүлей дауыл болғанда Аққайың ауданындағы Тоқшын ауылында үй өртенді. Алдын ала болжам бойынша жалын шатырдағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Мамандар отпен желге қарамастан күресіп, өзге нысандарға тарамай тұрғанда сөндірді.
