“Референдум – ұйымшылдық сыналатын саяси науқан. Қазақстандықтардың азаматтық ұстанымын айқындайтын сәт жақындады”. Бұл – қоғам белсендісі Сергей Худяковтың пікірі. Өңір мен ел өміріндегі маңызды шараларға қатысып, түрлі шешімдердің қабылдануына ат салысып жүрген азамат жобаны жоғары бағалайды. “Темірді қызу кезінде соқ” дегендей, жерлесіміз бізге дәл қазір мұндай өзгеріс қажет деп біледі.
СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, қоғам белсендісі:
— Өзім Конституция жобасын оқып шықтым. Барлығы көңілімнен шықты. Құжатта салалар жан-жақты қарастырылған. Адами құндылықтар, тәртіп, білім, денсаулық, өмір сүру қағидалары толығымен жазылған. Отандастарды наурыздың 15-і күні дауыс беруге шақырамын. Мені елімізде осындай үлкен өзгеріс болатыны қуантады. Себебі, өзгеріссіз ел дамымайды. Бір орында тұра берген жөн емес.
