Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суперпрезиденттік жүйеден бас тарту мәселесін көтергені мәлім. Президент беделді әрі ықпалды Парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшуді құп көреді. Осыған байланысты нормалар жаңа Ата Заң жобасында көрініс тапты. Бұны “Көкшетау Энерго” акционерлік қоғамының бас директоры Досымхан Аралбаев ерекше бағалайды.
ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, “Көкшетау Энерго” АҚ бас директоры:
— Бұл елде әділдіктің, демократиялық құбылыстардың алға қарай дамуына мүмкіндік береді деген үміт бар. Әрине, оң бағаланатын тағы үлкен баптар бар. Мысалы, “Заң мен Тәртіп”. Соңғы жылдары оның да маңызы артып келеді.
