ҚР Конституциясы жобасының 32-бабы:
1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. ҚР азаматтары ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы.
3. Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Жаңа Ата заң жобасы әр азаматқа денсаулығын сақтау құқығын береді. Бұл құқық тек қағаз жүзінде қалмай, медициналық қызмет көрсету жүйесінде нақты қолданылады. Осыған байланысты Ғабит Мүсірепов аудандық ауруханасының дәрігері Айгерім Байлина өз ойымен бөлісті.
АЙГЕРИМ БАЙЛИНА, Ғ.Мүсірепов ауданы орталық ауруханасының дәрігері:
— Осы бап медицина қызметкерлерінің қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Конституцияда медицина саласының қызметкерлерін жан-жақты қорғау, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі ерекше атап көрсетілген. Мен бұл нормаларды толық қолдаймын.
Мемлекет азаматтардың денсаулығын қорғауға жауапты, ал әр тұрғын медициналық қызметке тең және әділ қол жеткізуге құқылы. Бұл бап қоғам үшін маңызды әлеуметтік кепілдік, халықтың денсаулығын сақтау мен қорғаудағы негізгі құжат болып табылады.
