Sailau banner

Қоғам

Зауыт жұмысшылары жаңа Конституция жобасымен танысты

Петропавлдағы «Зиксто» зауытының қызметкерлері референдумды қолдау мақсатында құрылған штаб мүшесі Евгений Кинцельмен кездесті. Ол еңбекші қауымның сұрақтарына жауап беріп, Конституцияның жаңа новеллаларымен таныстырды.

ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, СҚО бойынша референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі штабтың мүшесі:

Азаматтар кездесу барысында денсаулық сақтау мен білім саласы жайлы сұрақтарды жиі қояды. Мәселен, 32 бапта ел тұрғындары белгіленген арнайы медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы деп жазылған. Ал 33-ші бапта мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта білім алуға кепілдік берілген.

Іс-шараға қатысып отырған жандардың бірі – Сұлтан Тоғайбаев. Ол «ЗИКСТО» зауытында сервистік қызмет көрсету бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі – 2 жыл. Ер азаматтың сөзінше, ол әлі Ата заңның жаңа жобасымен толық танысып үлгермеген. Сондықтан бүгін өзін алаңдатқан сауалдарына жауап алуды көздеп отыр.

СҰЛТАН ТОҒАЙБАЕВ, «ЗИКСТО» ЖШС бөлім басшысы:

— Мен үшін бұл өте маңызды кездесу. Себебі Ата заңдағы өзгерістер туралы арнайы маманнан білген әлдеқайда тиімді деп ойлаймын. Мысалы, маған жаңа Конституция жобасындағы медицина саласы қызық. Бүгінгі жиында өзіме пайдалы біраз ақпар аламын деген үміттемін.

Айта кетейік, Ата заң жобасын қолдауға бағытталған өңірлік коалиция 13 ақпанда құрылған болатын. Оған 60 адам мүшелік етеді. Оның құрамында саяси партия мен қоғамдық ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары бар.

 

Ұлан Ыдырыс