Sailau banner

СҚО әкімдігі

Валентина Яковлева: “Жаңа Конституция интернет-алаяқтықтың тыйылуына ықпал етеді”

Ата заң жобасы азаматтардың жеке қаражаты мен өміріне қатысты қорғау тетіктерін күшейтеді. Мемлекет банктік салымдар мен жинақтардың сақталуына, қаржылық операциялардың құпиялылығына да кепілдік береді. Шыны керек, қазіргі таңда зейнеткерлердің көбі алаяқтардың құрбаны болуда. “Енгізілген өзгерістердің арқасында аға буын өкілдерімен болатын мұндай келеңсіз оқиғалардың саны азаяр еді”, – дейді Вагулин ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Валентина Яковлева.

ВАЛЕНТИНА ЯКОВЛЕВА, Вагулин ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылжар ауданы:

— Өзгерістер енгізілгенімен, бәрі өзімізге байланысты. Жаңа Конституцияны оқып, құқығымызды білсек, бізді ешкім алдай алмайды. Ата заңды оқып шықтым. Ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, бәрін жан-жақты түсіндіріп жүрмін. Біз 15-ші наурыз күні біркісідей жалпыхалықтық референдумға қатысамыз.