22-бап
1. Әр адам өзінің қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны көрсетуге не көрсетпеуге құқылы.
2. Әр адамның ана тілі мен төл мәдениетін қолдануға, қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, оқу мен шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар.))
Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде 30-ға жуық ұлттың өкілі оқиды. Мұнда әрқайсысының өз ана тілін меңгеруге, мәдениеті мен салт-дәстүрін тануға тиісті жағдай жасалған. Білім ұясының директоры Ләззәт Жалмұқанова жаңа Конституция жобасында өзге ұлт өкілдеріне қатысты заң нормаларының қарастырылуын қолдайды. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Педагог елімізде тұрып жатқан әр ұлт өкілінің құқықтары мен мүдделері тең дәрежеде қорғалуы тиіс деген пікірде.
ЛӘЗЗӘТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры:
— Өзіме жаңадан қабылданғалы отырған заң көңілімнен шықты. Наурыздың 15-і күні өтетін референдумға міндетті түрде қатысамын.
