Халықтың құқығы қорғалмайынша, әділетті қоғам қалыптаспайды. Сондықтан жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғауға, мемлекеттік биліктің ашықтығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етуге басымдық берілген. Қозыбаев университеті “Қазақстан тарихы және құқық” кафедрасының аға оқытушысы Гүлбақша Мұсабаеваны Ата заңда отбасы мен неке ұғымдары күшейтілгеніне дән риза. Ол жауапты ер мен әйелдің рөлін, олардың жауапкершілігін, ара-қатынасын нақты шегелейтін уақыт келді деп есептейді. Себебі, үлгілі жанұядан ел қамын ойлайтын ұрпақ шығады.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, Қозыбаев университеті “Қазақстан тарихы және құқық” кафедрасының аға оқытушысы:
— Ата заңға жаңа 3-ші бап енгізілді. Онда Егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміз басты құндылық ретінде бекітілген. Мені бұл шешім де қатты қуантты.
