Sailau banner

Қоғам

Беларусь аяқ киімдеріне таңдау жасаңыз

Беларусь тауарына таңдау жасаңыз! Петропавлда шекара сыртынан жеткізілген аяқ киімдердің кезекті жәрмеңкесі басталды. Сауда ақпанның 22-ші жұлдызына дейін жалғасады. Сатып алушыларға табиғи былғарыдан тігілген, қалың үлбірмен қапталған қысқы үлгілер ұсынылған. Нағыз суықта киіп, алаңсыз жүруге болады.

ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджер:

— Әйелдер аяқ киімінің өлшемдері 36-дан 43-ке дейін, ерлердікі 40-тан 46-ға дейін бар. Барлық өнім тығыздалған сиыр былғарысынан тігілген. Каучукпен қапталған. Табаны таймайды, мұзға қарсы технологиямен орындалған. Ішкі бөлігі табиғи қой жүнімен қапталған.

Беларусь аяқ киімдерінің басты артықшылығы – киюге ыңғайлы. Бұл үлгілер аяғында жайсыздықты сезінетін немесе табан ерекшелігі бар адамдарға ыңғайлы. Жәрмеңке Партизан көшесі, 101 мекенжайындағы ғимараттың екінші қабатында өтіп жатыр. Сауда күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жүреді.