Sailau banner

Мәдениет

Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған көрме

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай тағылымы мол көрме ұйымдастырылды. Ел тарихындағы маңызды белестер айшықталған шараға зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

ЕҒЗАМ ЗАҒИПА, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:

— 35 жыл – күнтізбедегі жай күн емес, ол қазақ халқының абырой және сеніммен өткен дара жолы. Осы жылдар ішінде қазақ халқы болашаққа нық қадам басатын батыл мемлекетке айналды.

Көрмеде еліміздің атын әлемге танытқан қазақстандық спортшылардың марапаттары, өнерпаздардың халықаралық байқаудағы жеңістері кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, ақын-жазушылардың туған ел, азаттық, бірлік жайлы жазған туындылары оқырман назарына ұсынылды.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы-журналист:

— Көрмеде таныстырылған жандардың еңбегін бәріміз білуіміз қажет. Осы сында көрмелер жиі өтіп тұрғаны жөн. Себебі, көбісі мұндай нәрселерге назар аудара қоймайды, біле де қоймайды.

Алдағы уақытта бұл көрме толығады. Сөрелерге 15-ші наурызда өтетін референдум жайлы суреттер қойылады. Ел ағасы Жақсыбай Самрат бұл шарадан жерлестерді қалыс қалмауға шақырады. Жазушы-журналист Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат осындай маңызды өзгеріске қатысты пікір білдіріп, дауыс беруі қажет деген ойда.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы-журналист:

— Әрине, заңда адами қасиеттерді толықтай қамту мүмкін емес. Адамның өзі ойлана білуі қажет. Қабылданғалы отырған Ата заңды жазған заңгерлер барлығын қамтыған. Бұл өзгеріс арқылы еліміз одан әрі дамиды деген ойдамын.

Шара соңында қонақтар Тәуелсіздік жылдар ішіндегі ел дамуы, мәдениет және спорт саласындағы табыстар жөнінде пікір алмасты.

 

Мәдина Қаби