Sailau banner

Денсаулық сақтау

Сірке суын ішкен қыздың жағдайы жақсарып келеді

Сірке суын ішкен қыздың жағдайы жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен әрі қарай ем алу үшін хирургия бөліміне ауыстырылды. Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын Айыртау ауданындағы Гусаковка орта мектебінің 16 жастағы оқушысы әжетханада сірке суын ішіп қойған еді. Одан ол жергілікті ауруханаға апарылып, кейін Петропавлға тікұшақпен жеткізілген болатын. Оқиғадан кейін науқастың тыныс алу жолдарының, жұтқыншақ пен өңешінің, асқазаны мен терісінің жедел химиялық күйігі анықталды. Қазір жасөспірімнің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.