Жаңа Конституция жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген. “Енгізілетін өзгеріс аталған салалардың маңызы мен рөлін одан әрі айшықтай түседі” – дейді Вагулино ауылдық мәдени-сауықтыру кешенінің меңгерушісі Райхан Кункель. Маман жаңашылдықтар ұлттық бірегейлікті нығайтуға, бай мәдени мұрамызды келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады деп есептейді. Азаматша ауылдастарын наурыздың 15-і күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырады.
РАЙХАН КУНКЕЛЬ, Вагулино ауылдық мәдени-сауықтыру кешенінің меңгерушісі, Қызылжар ауданы:
— Вагулино ауылында бірнеше ұлт өкілі тұрады. Біз тату-тәтті өмір сүрудеміз, ұйымшылмыз. Мәдени-сауықтыру кешенінде 3 этномәдени орталық бар. Халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында түрлі шаралар өткіземіз. Менің ойымша, жаңа Конституция қоғамдық келісімді де нығайтатынына сенім мол.
