Елімізде наурыздың 15-і күні республикалық референдум өтеді. Осы орайда СҚО аумақтық референдум комиссиясы жергілікті БАҚ өкілдері мен дауыс беру барысын байқайтын қоғамдық ұйымдардың басын қосып, семинар өткізді.
САҒЫНДЫҚ РАХЫМЖАН, СҚО аумақтық референдум комиссиясының мүшесі:
— Семинар барысында бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап береміз және акредиттелген қоғамдық ұйымдардың жұмыстары туралы ақпарат береміз.
Айта кетейік, 15-ші наурыз күні өңірде 580-нен астам референдум учаскесі жұмыс істейді. Ол жерде 3 мыңнан астам комиссия мүшелері қызмет етеді.
