Sailau banner

СҚО әкімдігі

Зауыт қызметкерлеріне референдум жайлы айтылды

Референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі облыстық штабтың мүшелері түсіндіру және ақпараттық жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін арнайы топ мүшелері “ПетроМаш” зауытына барды. Олар қызметкерлерге референдумның маңызын түсіндірді. Ата заңдағы өзгерістер егжей-тегжейлі баяндалды. Еңбекші қауым наурыздың 15-і күні өтетін референдумда дауыс беруге шақырылды. Себебі, әр адамның қолдауы маңызды. Үн қосу арқылы еліміздің келешегі өзгереді. Конституциялық жобаны қолдау – әр адамның азаматтық парызы.

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, СҚО бойынша референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі штабтың мүшесі:

— Жаңа Конституцияда адам құқығы мен тәртіпке басты назар аударылған. Сонымен қатар, адам, еңбек құқығы мен қызметкерлердің құқықтарын қорғау жайлы жазылған. Жұмысшыларға солардың барлығын түсіндірдім, сұрақтарына жауап бердім.