Sailau banner

Қоғам

Вагулино ауылында қар тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Кеше өңірге қалың қар түсті. Тиісінше бұл тұрғындардың емін-еркін жүруіне кедергі келтіреді. Қызылжар ауданындағы Вагулино ауылында ақ ұлпамен күрес қарқынды жүріп жатыр. Маңызды жұмыспен жергілікті “СК Вагулинское” серіктестігі айналысады.

ИРИНА ШИШКИНА, Вагулин ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

— Қыс басталғалы ауылдан 200 шаршы метр қар шығарылды. Маңызды жұмысқа 3 техника жұмылдырылған. “СК Вагулинское” серіктестігінің басшылығына алғысым шексіз. Ауылдың тұрмысына көп көңіл бөледі. Көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Вагулино – үнемі су тасқыны қауіп төндіретін елді мекендердің бірі. Апаттың орын алуына қардың да әсері болуы мүмкін. Сондықтан мамандар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Айта кету керек, тазаланған ақ ұлпа арнайы орынға барып төгіледі.

 

Нұрасыл Ахмет